Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Наиб мүфти Қарағанды қаласына іс-сапармен келді
21 қаңтар, 2016 жыл 3 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз және ҚМДБ-ның уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ершат Ағыбайұлы Қарағанды облысына іс-сапармен келіп, облыс әкімі Нұрмұхамбет Қанапияұлының қабылдауында болды.


Облыс басшысының ұйымдастыруымен әкімшілік ғимаратында әкімдер мен өңірге қарасты бас имамдардың бас қосуымен жиын өтті.


Алқалы отырыста биылғы жылдан бастап Жезқазған өңірі мешіттерінің Қарағанды өкілдігіне қарайтындығы ресми жарияланды. Бүгінгі күнге дейін Жезқазған өңірі жеке өкілдік болып келген болатын. Енді ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жауапты болып бекітілді.


Осы орайда дін өкілдері мен мемлекет қызметкерлері Қарағанды облысының діни ахуалын дамыту жайын ортаға салып, түйткілді мәселелер талқыланды. Өткен жылғы діни тұрақтылықты сақтап, дәстүрлі дініміздің даму жолында атқарылған жұмыстар ретіне тоқталып, әрі қарай да біріге отыра тығыз байланыста жұмыс жасауға уәделесті.


Насихат тобы кейін Қарағанды облыстық орталық мешітіне ат басын бұрып, өңір имамдарымен кездесті. Наиб мүфти өз сөзінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің биылғы 2016 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Дін және тарих тағылымы» деп атау бергенін жариялап, дәстүрлі дінімізді насихаттауда аянбай еңбек етуге үндеді.Дін қызметкерлеріне халықпен қарым-қатынасты нығайтуды алдыңғы орынға қоюды тапсырды. Алдағы уақытта да халықтың қамы, елдің бірлігі үшін күш жұмсауға шақырды.


ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22093,22092,22091,22090,22085,22086,22088,22087,22089,22084,22082,22081"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары