Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мәуліт – айлардың ең асылы
25 қаңтар, 2016 жыл 39 Басып шығару нұсқасы

Киевка кентінің аудандық мәдениет үйінде салауатты да сауапты Мәуліт мерекесі тойланды. Әуелі Аллаға мадақ, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, тәуелсіз еліміздің рухани бірлігі халықтар достығы үшін дұға жасалып, хазіретті Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с)өнегелі өмірінен ғибрат айтылып, Мәуліт оқылды. Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамы Құрманов Серік уағыз айтып, Нұра өңірінің халқына тыныштық пен молшылық, бірлік пен береке тіледі.


Нұра аудандық мәслихаты ның хатшысы Б.Қ.Шайжанов Мәуліт мерекесіне жиналған іргелі елге тыныштық, амандық тіледі.


-Халқымыздың жүрегінде имандылық, адамгершілік, ізгілік, мейірбандық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруды мақсат еткен мұсылмандық. Ел арасында рухани байлықты, бірлік пен татулықты насихаттап, дінімізді көркейтуге белсене ат салысып жүрген мырзаларға өз тарапымнан алғыс білдіремін, - деді Нұра аудандық мешітінің имамы Қоныскерей Құмар


Мәулітмерекесі қарсаңында аз қамтылған отбасы балаларына жылдағы дәстүр бойынша киім үлестірілді. «Мерей», «Ақсұңқар» дүкендерінде мереке құрметіне тегін нан таратылды. Науқасқа ұшыраған ортамыздағы бауырымыз Мәди Әділханға қаржылай көмек көрсетілді. Соның барлығы - ел азаматтарының бірлігі мен мырзалығының арқасы. Ол азаматтар өз тараптарынан бір Алланың разылығы үшін атқарылған іс болғандықтан, аттарын атауды жөн көрмей отыр,- деді.


Әр ауылдан келген жас палуандар үш орынға таласып, бес салмақ дәрежесінде күш сынасты. 35 келі салмақ дәрежесінде кертінділік Жақия Ерасыл 1-орын, алғабастық Жақия Бауыржан 2-орын алса, щербаковтық ҚыпшақбаевАбзал 3-орын иеленді. 38 келі салмақта щербаковтық Машанов Андрей 1-орын, киевкалық Төлеген Алишер 2-орын, щербаковтық Колоцей Артем 3-орынды місе тұтты. 42 келі салмақта кертінділік ЖақанДиас 1- орын, щербаковтық Ахматдулов Равиль 2-орын, Қыпшақбаев Абылайхан 3-орын алды. 46 келі салмақта қаройлық ҚабыкенАлихан 1-орын, киевкалық Ажмағанбетов Есімжан 2- орын, щербаковтық Кесиубай Мұратбек 3-орынды місе тұтты. 50 келі салмақта К.Мыңбаев ауылының жігітіАбюров Азамат 1-орын, Уайділда Батыржан 2-орын, киевкалық БарзуевБексұлтан 3-орынды қанжығасына байлады.


Сырттан келген кейбір күштердің жастарымызды ислам дінінің тура жолынант тайдырып, теріс бағытқа салуға тырысуына тосқауыл болу үшін де осындай рухани кездесулердің көптеп өткізіліп тұрғаны абзал. Шапағаты мол Мәуліт мерекесіне жиналған қалың көпшілік пен жастарға арнап Кертінді, Көбетей, Қарой ауылдарынан арнайы келіп өнер көрсетті. Оқылған өлең, айтылған ән, көрсеткен қойылым – барлығы Алланы мадақтауға арналды. Манарбек Ботагөз оқыған «Жігер», Махмет Назым оқыған «Мәуліт ән Нәби», Амантай Темірлан оқыған «Намаз – діннің тірегі» өлеңдері, ЕрмекМирас орындаған «Аллаға мінәжат» әні, Боташ Мерей мен


ҚұмарАжардың «Аллаға шүкір» әні, Сәрсенбеков Еркебұланның «Сәби бақыты» әні, «Ана жүрегі» көрінісі көпшіліктің көңілінен орын тапты. Жиылған жамағат – Мәуліт кешінен Құран қасиетіне қанығып, рухани зор тағылым алып тарасты. Мереке соңында «Арайлым» мейрамханасында қалың көпшілікке Мәуліт мерекесі құрметіне ас берілді.


Нұрыш Нақыпова


[gallery link="file" ids="22181,22182,22183,22184,22185,22186,22187,22188,22189,22190,22191,22192,22193"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары