Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ақ жаулықты апалар мәуліт оқыды
26 қаңтар, 2016 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айын тойлауды дәстүрге айналдырған Шет ауданының халқы мерекені С.Сейфуллин кентінде де атап өтті. Өңірдегі «Күмісбек молда» мешітінің молдасы Адамбеков Мұраттың ұйымдастыруымен мешіт жамағаты мен ауылдың қазыналы қарттары жиналып, мәуліт оқыды. Оған «Жанқұтты би» мешітінің найб имамы Әкімтай Аңсар арнайы барып, Алла елшісінің (оған Алланың игілгі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен уағыз айтты. Мешіттің азаншысы Қарымшақов Бауыржан арабша мәуліт оқып, ақ жаулықты апалармен бірге салауат айтты. Ақсақалдар мен ақжаулықты аналарға арнап мол дастархан жайылды. Кең дастархан соңында бабаларға Құран бағышталып, қарттар ақ батасын берді.


«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22210,22211,22212,22213"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары