Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Суицидтің алдын-алу шарасы пысықталды
26 қаңтар, 2016 жыл 23 Басып шығару нұсқасы

Балқаш қаласының Ішкі Істер Барқармасының 8-бөлімшесінде суицидтің алдын алу бойынша жиын өтті. Балқаш қаласы мешітінің найб имамы Валиев Ахмадуллох полицейшілермен бірге өз-өзіне қол жұмсаушы, солардың ішінде жастарды дұрыс жолға салу, суицидке апаратын жолдарды бөгеу жолдарын қарастырды. Құқық қорғау саласының қызметкерлері білім ошақтарында жасөспірімдермен тікелей жұмыс жасап келеді. Осы ретте атқарылатын іс-шаралар шарият заңдарына сай орындалуы үшін А.Валиев құқық қорғау қызметкерлеріне діни бағыт-бағдар көрсетті. Жасөспірімдермен жұмысты тереңдете жүргізіп, олардың ата-аналарына да тәлім-тәрбиеге көңіл бөлінуі қажеттігі ескерілуін назарға алды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен мысалдар келтіріп, осы хадистерді ата-анаға көмекші құрал ретінде пайдалануын өтінді. Еліміздегі жасөспірімдермен жұмыс жасайтын кез-келген сала қызметкерлері дін тұрғысынан әрекет етсе, әрбір амал өз жемісін бермей қоймайды.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22219,22220"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары