Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Банк қызметкерлері діни экстремизмнің алдын алмақ
26 қаңтар, 2016 жыл 7 Басып шығару нұсқасы

Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған «діни экстремизммен күрес» тақырыбы Балқаш өңірі бойынша кеңінен насихатталып келеді. Әртүрлі қызмет салалары мен білім ошақтарын қамтыған жиындар бүгін банк қызметкерлерінің басын қосты. Балқаш қалалық гуманитарлы-техникалық колледжінде Балқаш қалалық орталық мешітінің найб имамы Айтқазин Рауан «Діни экстремизммен күресу және оның алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Банк қызметкерлері жат ұғымдар, терроризм, діни экстремизм ұғымдарымен етене танысып, олардың шын мәнінде қауіпті екендігіне көз жеткізді. Бейбіт елдің берекесін қашыруды көздейтін жат пиғылдағы әрекеттерге ұрынып қалмау үшін сақтық шараларын қарастыруды, отбасында бала-шағаға түсіндіріп, қоғамдық орындарда мұқият болу қажеттігін ескертті Р.Айтқазин. кеңінен талқыланған бұл мәселе көптің көкейінде бірнеше сауалдар туындатты. Мәселен, терроризм мен террористтің кім екендігі, жат ағымдар не үшін арамза әрекетті көздейді, олардың шоғырланатын орындары қандай жерлер, қауіптің алдын қалай алуға болады және т.с.с. Осындай өзекті сауалдарға мешітіміздің найб имамы Рауан Айтқазин орынды жауаптар беріп, көптің көңілін сергітті. Мол ақпаратқа қанық болған банк қызметкерлері осындай кездесулердің халыққа берер пайдасы көп екеніне көз жеткізіп, ризашылығын білдірді.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22227,22228,22229"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары