Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Нұра өңірінде мәуліт тойлануда
26 қаңтар, 2016 жыл 8 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) дүниеге келген Мәуліт айын Нұра аданына қарасты ауылдар да шет қалмай атап өтуде. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірінің өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының дәстүрлі дінімізді насихаттауды, қала, аудандармен ғана шектеліп қалмай ауыл тұрғындырына да ислам құндылықтарын дәріптеу керек деген тапсырмасының аясында жаратылыстың нұры –Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған күнін Нұра ауданының бірнеше ауылдары тойлап өтті. Солардың бірі - Қараой ауылы. Жаратылыс нұрының (с.ғ.с.) дүниеге келген айына орай ұйымдастырылған рухани кештің шымылдығы Узденбеков Болат Хамитұлы Құран бағыштауымен ашылды. Қараой ауылының әкімі Смайлов Бегайдар Әбілұлы сөз сөйлеп, тұрғандарды мұсылман жұртшылығына қуаныш әкелген осынау қасиетті аймен құттықтады. Нұра ауданының бас имамы Құмар Қоныскерей пайғамбарымыздың ғибратты өмірін насихаттап, уағыз айтты. Ауыл молдалары мәуліт оқыды. Мектеп оқушылырының орындаған діни сарындағы әндері жиналған барша жамағатқа өнегелі ой салды. Кеш соңында барша жамағатқа ақ дастархан жайылып, дәм берді. Ауыл молдасы Мақсұтов Сыздық келген қадірлі қонақтарға алғысын білдірді.


Нұра аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22231,22232,22233,22234"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары