Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Көбетей ауылы мәуліт мейрамын атап өтіті
26 қаңтар, 2016 жыл 10 Басып шығару нұсқасы

Нұра ауданы, Көбетей ауылы Мәуліт мейрамын атап өтті. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай ауданның бас имамы Құмар Қоныскерей алыс-жақын ауылдарда Мәуліт өткізді. Рухани кешті әр ісін «биссмиламен» бастайтын мұсылман қауымы Құран оқумен бастады. Арнаулы кешке өңіріміздің бірқатар имам-молдалары қатысты. Нұра аудандық мешітінің бас имамы Құмар Қоныскерей жиналған жамағатқа мәуліт жайлы уағыз-насихат айтты. Мақсұтов Сыздық қажы бастаған ауыл молдалары, мәуліт жырын оқыды. Сонымен қатар «иләһи» әндер шырқаса, жас бүлдіршіндер әсерлі өлең оқыды. Кеш соңында ас беріліп, «Ел іргесі аман болсын»-деген ізгі ниетпен тарқады.


Нұра аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22241,22242,22243"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары