Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мектеп оқушыларына « Хижра » сөзінің мағанасы түсіндірілді
27 қаңтар, 2016 жыл 16 Басып шығару нұсқасы
Нұра ауданы мешітінің имамы Құмар Қоныскерей Баршын ауылы мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында дәстүрлі дініміз жайында, асыл дін тек бейбітшілік пен таттуластыққа ғана үндейді, хақ дін араздасу, соғыс сынды аты да, заты да жаман нәрелерде бойды аулақ ұстауға тәрбиелейді деп ашып айтты. Ислам дініндегі кейбір сөздердің мағынасын түсінбей, адасушылыққа ұрынып жүргендердің көп екенін ескерте келе, «Хижра» сөзінің түп-төркінін түсіндіріп берді. «Хижра» дегенді кейбір жастар ұғынбай, елді тастап кете бару деген оймен ата-аналарын зар қасатып, шекара асып кетіп жатыр», - деді бас имам. Оқушыларға ақыл-кеңесін айтып, келісіп пішпеген тон келте болады деп, қандай жағдай болмасын астарына үңілуге шақырды. Адасушылыққа жол бермейтін бірден-бір жол таза ілім алу екенін де айта кетті.

Нұра ауданы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="22272,22271,22266"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары