Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Жезқазған қаласына іс-сапармен келді.
28 қаңтар, 2016 жыл 25 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Республикасының облыстарын біріктіру кезінде Жезқазған Қарағанды облысына қосылған болатын. Ал, мешіттер аймақтық болып сол қалпында қалған. Биылғы 2016 жылы Қарағанды облысының әкімшілігінің сұранысы бойынша және мешіт өкілдігінің ұсынысымен Жезқазған аймағына қарасты мешіттердің діни жағдайын жақсарту мақсатында біріктірілді. Яғни, ҚМДБ-ның Жезқазған аймағына қарасты мешіт филиалдары Қарағанды облыстық өкілдігіне қосылды.


Осыған орай 26-шы қаңтар күні ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Жезқазған аймағына арнайы іс-сапармен келді. Өзінің іс-сапарында өкіл имам Жезқазған қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде қала, аудан, ауыл имамдарына жиналыс өткізіп, 2016 жылы атқарылуы тиіс бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар жиынға Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Серік Амамбайұлы және Мерей Қанатұлы қатысып, алдағы атқарылатын жұмыстар жайында қысқаша тоқталып өтті.


Жиналыс аяқталған соң «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамы Айтжан Қапарұлы имамдар форумында қабылданған тұғырнаманы халық арасында насихаттауды тоқтатпау керектігін айтып, алдағы уақыттарда аудан, ауыл имамдарынан 4 құжат бойынша емтихан алынатындығын мәлімдеді.


Жезқазған қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы»


мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22251,22252,22253,22254,22255,22256,22257,22258,22259,22260,22261"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары