Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мысыққа мешітін айқара ашқан имам әлемді дүр сілкіндірді (ФОТО)
03 ақпан, 2016 жыл 15 Басып шығару нұсқасы
 

Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Азиз Махмуд Худаи мешітінің имамы Мұстафа Ефе иесіз, панасыз, қаңғыған мысықтарға мешітінің есігін айқара ашып, әлемге мәшһүр болды. Мысыққа деген ықыласы ерекше имам күннің суығынан бойлары тоңып, бүрсіген мысықтарға жылы мешітінің есігін ашып, паналауға мүмкіндік жасаған. Имамның бұл әрекетін мешіт жамағаты фотоға түсіріп алып, әлеуметтік желімен бөліскен. Нәтижесінде қаншама халықтың назарына ілігіп, имамның өнегелі ісі әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Тіпті, фейсбук желісінен «Mustafa Efe» есімімен парақша ашылып, 35 800-ден астам адам парақшаға жазылған. Сондай-ақ, имамға халық «мысықтың досы имам» деген де лақап тағып үлгерген.

thumbs_b2_ca87c6122d5cea38fba75227be15b54a

Мысыққа мейірімділік танытуымен өзгелер үшін үлгілі өнеге көрсеткен бұл жағдай еуропалық басылымдардан да орын алған. Кейбір Түркия газеттерінде бұл оқиға, тіпті, газеттің бірінші бетіне дейін «Исламофобияны жығып салған фото» деген айдармен жарияланған.

thumbs_b2_9ff3411427e62a03fc1b4b16eff4cbf3

«Анадолы агенттігіне» сұхбат берген имам: «Мысық, жалпы жануарларға мейірімділік таныту әрбір мұсылманның міндеті болуы тиіс», – деді.

56b069c767b0a96458302094


Сондай-ақ, сөз арасында Пайғамбарымыздың (ﷺ) мысыққа қатысты мына бір жағдайын да тілге тиек етті: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) дәрет алып жатқан кезде бір мысық су ішуге келеді. Сонда Алланың Елшісі (ﷺ) дәрет алып жатқан ыдысынан мысыққа су ішкізіп, дәретін әрі қарай жалғастырады. Пайғамбар (ﷺ) хадистерін ең көп риуаят етушілердің арасындағы мәшһүрі Әбу Хурайраның да есімі негізінен басқаша еді. Бір күні Пайғамбарымыз (ﷺ) Әбу Хурайраның шапанының арасынан жыбырлаған бірдеңені байқайды да, «бұл не?» деп сұрайды. Әбу Хурайра да қойнындағы мысықтың кішкентай күшігін алып шығады. Пайғамбарымыз (ﷺ) әлгі сахабаның мысыққа деген мейірімділігін көріп, оған «Кішкентай мысықтың әкесі» деген мағына беретін осы «Әбу Хурайра» есімін қояды. Осылайша сахаба бізге негізінен осы есіммен мәшһүр».


56b0697467b0a96458302083

Ислам діні махаббат, мейірімділік діні екенін екпін түсіре айтқан Мұстафа Ефе бұл мәселеде бізге тек Пайғамбарымыз (ﷺ) үлгі болатынына назар аударды: «Мұндай мәселелерде бізге Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмыры үлгі болады. Өйткені, Алла Елшісі (ﷺ) мейірімділік пен махаббаттың ұшар шыңына жеткен. Дінімізде сауын малдарды сауарда тырнақтың емшекке бататындай ұзын болмауына да аса қатты мән берілген. Пайғамбарымыз (ﷺ) он мың адамдық әскермен Меккені алу үшін жорыққа шыққан еді. Жолда күшіктерін емізіп жатқан қаншыққа ұшырасады. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) әлгі ұрғашы иттің басына «әскер күшігін емізіп жатқан итті мазалап, итке ыңғайсыз жағдай тудырмасын. Әскер итке жақындамай, жанынан өтсін» деп бір сахабаны тұрғызып қояды. Міне, бұл мейірімділік пен махаббаттың ұшар шыңы емей немене?», – дейді имам.



56b069de67b0a9645830209a


Пайғамбарымыздың мысығына тамақ бермей, аш қалдырған әйелдің – жәһәннамдық, ал шөлдің ыстығынан шөлдеп өлуге шақ қалған итке су берген күнәһар әйелдің жәннаттық болғанын хабарлаған хадисін де жеткізген имам ғибадат құлшылығымыздың мәнін, маңызын кіргізетін мейірім мен махаббат екендігін айрықша атап өтті. «Сіз мейірім, мархамет иесі болсаңыз, демек Алланың Рахман және Рахим есімімен сипаттанғансыз деген сөз. Алла Тағала адам етіп жаратқан соң адам болып қалуда мейірімділік пен махаббаттың орны айрықша», – дейді Мұстафа Ефе.   

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары