Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚУШОҚЫДА МӘУЛІТ ТОЙЛАНДЫ
03 ақпан, 2016 жыл 158 Басып шығару нұсқасы

Бұқар жырау ауданында діни ахуал жылдан жылға жақсарып келеді. Жылдан жылға діни рәсімдерді атап өту үрдісі дами түсуде. Соның дәлелі ауыл-аймақ Пайғамбарымыздың туылған айы Мәулітті атап өтуде.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілі, Қарағанды облыстық мешітнің бас имамы Ө.Қ.Бекқожаның тапсырмасын мұқият орындауға асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген ауыл имамдары мәулітке ерекше көңіл бөлуде. Мәуліт кештері Ғ.Мұстафин кенті, Қушоқы кенті, Ақтөбе, Қызылжар, Үштөбе, Тегісжол т.б, ауылдарда жылдан-жылға жалғасып, халықтық мерекеге айналуда.


Қушоқы кентіндегі мәдениет үйінде өткен мәуліт кеші қасиетті құран оқумен басталды. ҚМДБ-ның төрағасы Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің және ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының атынан, өз атынан құттықтауымен ыстық ықыласын жеткізу үшін аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы сахна төріне көтерілді. Мәуліт тойлаудың мән мағынасы мен пайғамбарымыздың ғибратты өміріне ерекше тоқталып, мәулітті атап өтудің қоғамға, қоршаған орта, жалпы адамзатқа тәрбиелік маңызы зор екенін жеткізді. Қушоқы мешіті шәкірттері арнайы даярлаған көріністен көптің көзі ашылып ақиқат теңізіне қайта шомылып, тәубеге келгендей болды. Қойылымды қазіргі заманға лайықты етіп сомдаған мешіт шәкірттерінің көрінісі көпті тебірентіп, көздеріне еріксіз жас алдырып, өмірдің мәнін ашып бергендей әсер қалдырды.


Жыршы, термешілер де осы кештен табылды, жас ақын Н.Байсүгіровтың термесіне тебіреніп, ұйып тындаған көрермен көз жастарына ерік берді. Кешті жүргізуші Д.Максим дүние керуен әнін шырқап, ойға ой қосатындай етіп халыққа жеткізе білді. Мектеп оқушылары да қатысып, өлең оқып, пайғамбарымыздың өсиеттерін жеткізді. Рухани кеште көрініс, ән, терме, уағыз, құттықтаулар қамтылды.


Арнай қонақ болып келген Шахтинск қаласының бас имамы А.Мирзоев мәуліт дұғасын оқыды.Кешті ұйымдастырушы ауыл имамы Асет Бекболатов жиналған қауымға ризалығын білдіріп кешке демеушілік көрсеткен жерлестеріне алғыс хат пен сыйлықтарын табыстады. Ауылдың қариясы Тәжиден қажы ақ батасын беріп, ел тыныштығын тілеп, жастарды бірлікке шақырып, ел басқарып отырған патшамызға,дін басына Алладан күш қуат тіледі.


[gallery link="file" ids="22418,22419,22420,22421,22422,22423,22424,22425,22426,22427,22428,22429,22430,22431,22432,22433"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары