Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Түркия премьері А.Дәуітоғлы: 78 миллион 600 мың қазақтан сәлем!
06 ақпан, 2016 жыл 11 Басып шығару нұсқасы
президентТүркия Республикасының премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы Қазақстанға сапарлатып келіп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кездескен Түрік премьері  Қазақстанға сапарын әрдайым өз Отанына келгендей бағалайтынын айтты.

Кездесу барысында Елбасымыз бен А.Дәутоғлының арасында әзіл-қалжыңға да орын берілгені байқалады. «Анадолу агенттігінде» жарияланған ақпаратта Елбасымыздың Түркия Республикасының 8-ші президенті Тұрғыт Өзалмен алғашқы кездесуінде Елбасымыздың «Түркияда қанша қазақ бар?» деген сұрағына Т.Өзалдың жауабын еске салған Ахмет Дәуітоғы: «Сол кезде президент Тұрғыт Өзал сізге «Менімен қосқанда 70 миллион қазақ бар» деп еді.Халық санағын жаңадан есептеп шықтық. Қазір Түркияда менімен қосқанда 78 миллион 600 мың қазақ бар. Сізге солардың бәрінің сәлемін жеткізіп отырмын», – деді. Елбасымыз да «Сириялық босқындармен сандарыңыз артты емес пе?», – деген сөзіне Ахмет Дәуітоғлы да: «Иә, артты. Оларды да«қазақ» деп есептей беруге болады. Олардың арасында да қаншама түркі тамырлас халық бар», – деп жауап берді.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде саяси диалогты нығайту мен мәдени алмасу мәселелері, көлік, энергетика, туризм және инфрақұрылым қалыптастыру салаларындағы байланысты дамыту жайы талқыланды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары