Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шариғат шәлісіне оранған қыздар көбейіп келеді
06 ақпан, 2016 жыл 131 Басып шығару нұсқасы
Бүгін Қарағанды шаһарының №1 қалалық мешітінде мұсылман қыз-келіншектерге арналған жиын өтті. «Шариғат шәлісі –имандылық белгісі» атты іс-шараға мешіт жанынан білім алып жүрген шәкірттер мен ұстаздар қатысты.

Іс-шара әйелдер жамағатына ілім үйретіп жүрген Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Бакирова Арай мен №1 қалалық мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйытқы болуымен «Жастар ісі» бағыты бойынша ұйымдастырылып отыр.

Тағылымы мол кездесуде балиғат жасына толған әрбір мұсылман қыздың әуретті жерін жабуының қандай жамандықтардан сақтайтынын, орамалдың маңызы мен мәнісі толықтай ашылды. Біраз уақыт білім алып жүрген шәкірттер Құран Кәрім мен хадистерден дәлел келтіре отыра Алланың әмірін орындағанға жақсылық пен сансыз сауаптардан басқа қауіп жоқ екенін тәптіштеп айтып берді.

Шариғат заңдылықтарын қатаң ұстанған қазақ халқының қыз-келіншектері де зейнеттерін бөгде ерлерге көрсетпей, ұзын етек көйлектері мен орамал, кимешектерін тастамағаны тарихтан белгілі. Арай ұстаз ата-бабамыз Құран сөзіне мұқият боғанын, Алланың әмірін бұлжытпай орындағанын тарихтан тарқатып түсіндіріп берді.

Ұстаздардың қыздардың басын қосып, сөз қозғауына қоғамда болып жатқан жасанды түсік, тастанды бала, некесіз қарым-қатынастың белең алып, шариғат шеңберінен шығып, Алладан алыстап кетуі себеп болып отыр. Соңғы кездері орын алған жантүршігерлік оқиғалар мешіт ұстаздарын алаңдатпай қоймады. Оқытушылардың ойынша жүрегінде иманы бар, әуретін бөгде көздерден қорғай білген қыз бала ерсі қылықтарға ешқашан бой бермейді дейді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="22546,22545,22544,22541,22543"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары