Индонезияда Facebook және WhatsApp әлеуметтік жел
ілерінде қолданылып жүрген «бір жынысты» смайликтерге тыйым салынды.
Бұл жайында «Time» журналы
хабарлады.
Индонезия
ныңбайланыс және ақпарат министрлігінің мәлімдемесінде «Мұндай мазмұндағы
дүниелер біздің мәдени және діни нормалар
ымызға
сай болмағандықтан Индонезияда
бұған жол берілмейді.
Сондықтан да, әлеуметтік желі операторлары да
біздің бұл нормаларымызға құрмет
көрсетуі тиіс» делінген.
Бұл талапқа бойсұнбаған мекемелердің өнімдеріне елде рұқсат берілмейтіні де ескертілді.
Тыйым салынған смайликтердің қатарында қол ұстасқан бір жынысты жұптар мен бір жыныстырлардың туы саналған кемпірқосақ түстес жалау да бар.
Индонезиядағы ең көп пайдаланылатын «LINE» әлеуметтік желісі министрліктің бұл талабын алғаш болып орындады. Әрі фейсбук желісінен аталған смайликтерді қолданғаны үшін халықтан кешірім сұрады.
Пікірлер