Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жегеніңнің ақысын ақшамен емес, салауатпен төле!
15 ақпан, 2016 жыл 13 Басып шығару нұсқасы
«Салауат саудасы» Қарағанды халқы үшін ерекше бір жаңалық болды. Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен Мәуліт кешінде игі бастама қолға алынды.

Мешіт ұжымы мен кәсіпкер жандар Мәуліт кешіне келушілер үшін мәдениет сарайының кіре берісіне Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) арналған салауат үлгілерін жазып, тәтті дәмдер қойды. Тіске басар бұл тәттілер тегін таратылмады. Әр қайсының белгіленген бағасы жазылды. Бірақ бұл тағамдардың ақысы, сіздер ойлағандай, ақшамен емес, салауаттың санымен өлшенеді. Ең көп салауат 30-бен шектелді. Мәселен, ұнатқан тәттіңізді алғыңыз келсе, бағасы ретінде белгіленген салауат саны қанша болса, сонша салауат оқып, әлгі тәттіңізді ала аласыз.  «Мен айтамын» деушілер жетіп артылды. Сезімін жасыра алмай, көз жасына ерік бергендер де болды. Кеш соңына дейін тәтті дәмдерден де ештеңе қалмады. Соңында айтылған салауаттар тегіс саналды. Барлығы 5000 салауат айтылған екен.

Игі бастама мұнымен үзіліп қалмайды. Үмбетім деп өткен адамзаттың асылы Алла Елшісіне қанша салауат айтсақ-та артық емес. Мешіт ұжымы әр жұма сайын Қарағанды облыстық орталық мешітінде бұл игі бастаманы жүйелі түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Мұндағы мақсат, бір жағынан, халықты салауат айтып, сауапқа кенелту болса, екінші жағынан ішер асқа ақшасы жоқ, бірақ жүрегі иманға толы жан болса, Пайғамбарымызға салауаттар айтқызып, тәтті дәмдерге қол жеткізу.

P.S. Салауат сауабына кенелгісі келетін жандар болса, жұма күні сауалат бұрышына өзінің тәттісін әкеліп, бағасы ретінде салауат санын жазып кетулеріне болады.

[gallery link="file" ids="22720,22717,22719,22716,22715,22714"]

Жалғасы

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары