Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мүбәрак мәуліт көзге жас үйірді
15 ақпан, 2016 жыл 17 Басып шығару нұсқасы
Қарағанды төрінде Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың ардақтысы» атты рухани Мәуліт кеші өтті. Әлемге рақым нұры болған Пайғамбарымызға (с.а.у) деген сағыныш лебі болса керек, қаланың Кеншілер мәдениет сарайында өткен кешке қарақұрым халық жиналып, залда бос орын болмады.

Мәуліт кешіне Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Қанапияұлы қатысып, халыққа жылы лебізін жеткізді. Астанадан ҚМДБ-ның Дін істер бөлімінің басшысы Камалжан Бекбосынұлы келіп, Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, аталмыш мейрамның халыққа берер тағылым-тәрбиесі мол екенін айтып өтті.

Мәуліт әрі қарай Пайғамбарымызға (ﷺ) сансыз салауаттар мен діни танымға тұнып тұрған көріністер, ән,  шертпе күймен жалғасын тапты. Белгілі журналист Салтан Сайранұлының Алла Елшісінің (ﷺ) досы Әбу Бәкірдің Пайғамбарымызға (ﷺ) деген адалдығы мен махаббатын әспеттейтін монологы көрерменнің көзіне еріксіз жас үйірді. Қаланың жас актерлері қойған қойылым да халықтың жүрегін тебірентті.

Дін мен дәстүр ұштасқан рухани кеште қазақтың айтыскер ақындары Тілеген Әділов пен Дидар Қамиев сөз таластырып, дүйім жұртты жыр шумақтарымен сусындатты.

Кеш соңында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы келген қонақтар мен шараға ат салысқандарға алғысын білдіріп, шараны қорытындылады.

Әрі қарай кештен шыққан жұртшылыққа қалалық № 1 мешітінің ұжымы мейрамханада дастархан жайды.

Фотолардың толық нұсқасын сайтымызыдың фотогалерея айдарынан мына сілтеме арқылы өтіп көре аласыздар:

[gallery link="file" ids="22735,22734,22732,22725,22724,22723,22729,22727,22731,22730,22728,22726,22715,22733"]

Жалғасы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары