Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

4 миллиард адам бір ай сусыз қалады
16 ақпан, 2016 жыл 6 Басып шығару нұсқасы
сусыздықӘлемде 4 миллиард кісі жылда ең аз дегенде 1 ай сусыздық зардабын тартады екен. Science Advances журналы жариялаған зерттеуде әлемде ауыз су проблемасын көріп отырғандардың саны біз ойлағаннан да артық боп шыққан.

Зерттеу жұмысында көрсетілгендей, жартысы Қытай, Үндістан секілді елдерден болған әлемдегі шамамен 4 миллиард адам жылда кем дегенде бір ай ауыз су проблемасын бастан кешіреді екен.

Бангладеште 130 миллион, Пәкістанда 120 миллион және Нигерияда 110 миллион адам жылда бір мезгіл ауыз су таба алмай қиналса, АҚШ-та көбіне Калифорния, Техас және Флорида секілді штаттарында 130 миллион америкалық жылда бір ай сусыз қалатын көрінеді.

Зерттеу жұмысына мұрындық болған Голландияның Туинте университетінде су ресурстары алаңында қызмет атқарған профессор, доктор Аржен Хоекстра: «Ауыз су жетіспеушілігі баршамызды толғандырған жаһандық бір проблема халіне келді», – деді.

Зерттеушілер бұл проблеманың алдағы жылда кейбір аймақтарда болатын құрғақшылықтан тағы да арта түсетінін ескертуде.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары