Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды қаласында халал, тегін де тамақ берілетін кафе ашылды
19 ақпан, 2016 жыл 19 Басып шығару нұсқасы
Мұсылман отбасы «Шығыс» базары жанынан шариғатқа сай «әл-Райан» атты дәмхана ашты. Бүгін Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт ашылуына қатысып, мешіттің азаншысы Үсенов Арыстан құран оқыды.

Кафенің қожайыны ашылу құрметіне түске дейін 300-ге жуық ер адамдарға, түстен кейін 150-ге тарта әйел жамағатына ас берді. Айтуларынша осы сынды қайырымдылық шаралары әрдайым ұйымдастырылып отырады.

Сондай-ақ ҰОС ардагерлері мен мүгедек жандар және егде тартқан адамдарға кез-келген уақытта тегін тамақтануына болады.

150 орындық кафенің ас мәзірі де қалта көтерерлік. 30 түрлі Еуропа және Шығыс елдерінің тағамдары бар. Мал етін де шариғат нормасына сай өздері соятын көрінеді.

Отбасыңмен жеке отыруға немесе әйелдер үшін ыңғайлы шымылдықпен жабылған бөлмешелер де қарастырылған.

[gallery link="file" ids="22869,22870,22871,22872,22873,22874,22875"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары