Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Селфиге» тыйым салынды
25 ақпан, 2016 жыл 10 Басып шығару нұсқасы
селфиҮндістанның батысындағы Махараштра аймағының Мумбай қаласында 16 жерде «селфиге» түсуге тыйым салынды. Мұндай қаулы өткен айда өзін «селфиге» түсіремін деп теңіз түсіп, батып өлген қыздың қайғылы оқиғасынан кейін қабылданды.

Мумбай полициясы осы секілді қауіпті болатын жерлерді зерттеп, тауып, ол жерлерде селфиге түсуге тыйым салынатынын хабарлады. Мұндай тыйым салынған жерлердің басым көпшілігі теңіз жағасы құз-жарлар. Бұл аймақтарға фотоға түсу үшін емес, жай кіргеннің өзінде 200 рупи (18 доллар) көлемінде айыппұл салынатыны ескертілді.

Орталығы АҚШ-тың Сан-Франциско штатында орналасқан статистикалық қызмет көрсетуші Priceonomics-тің мәлімдеуінше, Үндістан фотоға түсіп тұрып, жан берген оқиғалардан бірінші орында екен. 2014 жылдан осы күнге дейін әлемде осыған ұқсас тіркелген 49 оқиғаның 19-ы осы Үндістанда болған көрінеді.

Ақпан айында осы елде бір университеттің студенті өзін фотоға түсіремін деп, тоғанға түсіп кетіп, оны құтқарамын деп секірген досы да бірге жантәсілім болған. Ал 2014 жылы үш оқушы пойыз жүріп бара жатқанда «селфиге» түсеміз деп, пойыздың астына түсіп қалған болатын. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары