Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Францияда түрік және араб тілі курстары жабылуда, оған себеп ИСИМ екен
29 ақпан, 2016 жыл 17 Басып шығару нұсқасы
arabiccall620 (1)Француздардың Мижен әкімшілік-аумақтық бірлігінің білім беру мекемелеріне «ИСИМ» содырларының Франция мектептері мен қалалық кеңестеріне теракті ұйымдастыруды жоспарлап жатқаны жөнінде хабар түскен. Осыған байланысты аудан басшысы Франсуа Бише араб және түрік тілдерінен сабақ беретін педагогтарды тексерістен өткізген. Бірқатар мұғалімдердің біліктілігі сай еместігі анықталған соң басшылық бұдан күмәнданып, қауіпсіздік мақсатында тілдік курстарды тоқтатуға шешім қабылдаған. Түрік қауымының мүшелері мұндай шараларға наразылық танытып, курстарды қайта ашуды талап етуде.

«Білім беру саласының өкілдеріне қауіп-қатер төнуде. «Ислам мемлекетінің» француз мектептері мен қалалық кеңестерде теракті ұйымдастыруды жоспарлап жатқаны хабарланды. Мен мектептерде тілдік курстарды жүргізетін адамдарды тексеруді тапсырдым. Бірқатар педагогтардың тиісті біліктілігі және тілден сабақ беруге ресми рұқсаты жоқ екендігі анықталды. Содан кейін қауіпсіздік үшін білім бөліміне бұл адамдардың  дәріс беруіне рұқсат бермеу туралы өтінішпен жүгіндім», – деді өз сөзінде Франсуа Бише.

Түрік қауымының мүшелері тілдік курстардың ондаған жылдардан бері оқытылып келе жатқанын және оны мектеп оқушыларының бірнеше буыны тәмамдағанын айтуда. «Қабылданған шараларды басшылық террористік қауіпке байланысты түсіндіруде. Бірақ біз бұл арада тілдік курстардың қатысы қаншалықты екенін түсіне алмаймыз. Балалар мектепте оқиды. Ал тілді оқыту мектеп бағдарламасына кіреді», ­– дейді жергілікті мектеп оқушысының ата-анасы.

Жергілікті түрік мәдениеті ассоциациясы тілді үйренуге тыйым салынуын әділетсіз санап, курстардың оқу бағдарламасына қайта қосылуы үшін күресетінін айтуда.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары