Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шәкірттер арасында футболдан жарыс өтті
01 наурыз, 2016 жыл 10 Басып шығару нұсқасы
Қарағанды қаласы «Шахтер» стадионының «Жастар» спорт кешенінде мешіт шәкірттерінің  арасында футболдан жарыс өтті. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы шараны өткізу туралы мешіт ұжымына тапсырма жүктеген болатын. №1 қалалық мешітінің бас имамы Орманбет Болатұлы осы шараны өткізуді қолға алып, бастаған іс соңына жеткізілді. Тұрақты діни дәріс алып жүрген 4 мешіттің шәкірттері өзара жарысқа түсті. Теңбіл доп шебері болмаса да, салауатты өмір салтын ұстанған саналы жастар барын салды. Нәтижесінде Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің шәкірттері алғырлық танытып,  жеңіске жетті. Облыс өкілі Өмірзақ қажы Бекқожаның атынан Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы барып, жеңімпаздарды құттықтап қайтты. Жеңіске жеткен командалар кубокпен марапатталып, құнды кітаптар тарту етілді.

Сонымен қатар, жастардың басы қосылған жерде «Қазақстан мұсылмандары тұғырнамасы» таныстырылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары