Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жерді 5 мың 440 рет айналып шығып, Қазақстанға түсті...
02 наурыз, 2016 жыл 111 Басып шығару нұсқасы
ғарышХалықаралық ғарыш станциясында бір жылдық қызметін өтеп келген америкалы ғарышкер Скотт Келли мен ресейлік ғарышкер Михайл Корниенко Жерге оралды.

Капсула Жезқазған қаласынан 147 шақырым жерге түсті. 340 күн бойы ғарышта болған Келли өзін қарсы алғандарға: «Жердің ауасын қайта жұту қандай керемет!» деп ағынан жарылды.

Келли мен Корниенко Халықаралық ғарыш станциясындағы қызмет барысында Жерді 5 мың 440 рет айналып шығыпты. Ғарышта шамамен 232 миллион километр жол жүріп келген және 10 мың 880 рет күннің атуы мен батуына куә болған.

Бұл сапар NASA-ның Марс ғаламшарына қатысты жобаларын жүзеге асырмастан бұрын адам денесінің ғарыш шарттарында өмір сүруі қалай болатынын тексеруі үшін болған алғашқы тәжірибесі еді. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары