Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Аяғынан айрылса да имамдықтан бас тартпады
04 наурыз, 2016 жыл 99 Басып шығару нұсқасы
thumbs_b_c_f50b13e024c31e906bef683467edf981Сириядағы саяси соғыс себебінен 6 ай бұрын бір аяғынан айрылған имам Мутлақ кемтарлығына қарамастан жамағатынан айрылмай, халыққа имамдық қызметін атқарып келеді.

Протез аяқпен намаз өткізіп жүрген Мутлақ "шатырымызда көгершіндердің ұшып жүруі балаларымызды қуанышқа бөлейді" дейді, әлі де отанында бейбітшілік заманының туатынынан үміт етіп.

Ол әуеден түскен бомбаның себебінен бір аяғынан айрылса да, қызметін жалғастырауда. "Алты ай бұрын мешіттен шығып бара жатқанымда маңайға әуеден бомба түсіп, бомбаның жарықшақтары аяғыма тиді. Жылжымалы медициналық қызмет көрсететін көлікке бардым. Олар аяғымды кесіп алып тастады. Жарақатым жазылар-жазылмас қызметіме оралдым. Бастапқыда намазды отырып оқыдым. Кейін протез жасатып алып, қазір намазды тұрып оқып жүрмін. Енді ыңғайлы бір протез алсам деймін", - дейді ол.

Екі баланың әкесі қандай қиын жағдайға қарамастан еш мойымай, діні үшін қызметіне берік.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары