Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Израиль азанның үнін өшірмекші
07 наурыз, 2016 жыл 13 Басып шығару нұсқасы
азан

Израильде шектен шыққан оңшыл депутаттар «азанның үні шулы, тыйым салу керек» деген желеумен арнайы заң жобасын дайындаған. Заң жобасы тек заң істері министрлігі комиссиясының мақұлдауын ғана күтіп тұр. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Арасында билік партиясының мүшелері де бар депутаттардың күніне бес уақыт шақырылатын азанға тыйым салу жөніндегі заң жобасына Израиль мәжілісіндегі араб депуттар мен адам құқықтары жөніндегі ұйымдар наразылық танытты. Израиль мәжілісіндегі араб депутаттарынан Ахмет Тыбби бұл заң жобасын «Исламға қарсылық және нәсілшілдік» деп бағалады. Ол: «Бұл заң жобасы Исламға қарсылықтың және нәсілшілдіктің жаңа бір түрі. Израильдегі ең радикал үкімет бүгінде билік басында отыр. Бұл заң жобасын дайындаған депутат үкіметтің бір мүшесі», ­– деді.

Тағы бір араб депутаты Басил Гаттас: «Бұл Израильдің мұсылмандарға, арабтарға деген наразылығының ұят бір мысалы болды», ­– деді.

Израиль демократиялық институты заң істері министрлігі комиссиясына хат жолдап, бұл заң жобасын кері қайтаруды сұрады. Институт өзінің веб-парақшасында «азанға тыйым салу заң жобасы азан даусының шулы болуына еш қатысы жоқ, заң жобасының негізгі мақсаты ­– діни наным-сенім бостандығына жасалған қысым» деп жазған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары