Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мешітке келушілердің жеке заттарын ұрлап, қолды қылатындар ұсталды (ВИДЕО)
10 наурыз, 2016 жыл 11 Басып шығару нұсқасы
Алматы облысында мешітке келушілердің жеке заттарын ұрлап, қолды қылатындар ұсталды. Облыстың Балқаш ауданына қарасты Бірлік ауылының мешітінде намаз уақыты кезінде келушілердің қалтасынан ұялы телефондарды ұрлаған күдікті әйел тұтқындалды. Жедел іздестіру шараларынан кейін 30 жастағы күдіктіден жоғалған екі телефон табылған.



Дәл осындай келеңсіз жағдай 2015 жылы желтоқсан айында Талдықорғанның мешітінде болған. Ол кезде жұма намазға келген азамат аяқ киім ұрлаған. Бір қызығы аяқ киім таңдаy сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті кіреберісте телефонмен сөйлескен болып жүріп алады. Санаулы минуттарда ұнағанын тауып, киіп кете берген. Іздестіру шаралары ұзаққа созылмай аяқ киім ұрлаған азамат табылып, өз кінәсін мойындайды. Шығынын өтейді. Медиациялық тәртіпке сәйкес айыптаушы айыпталушыны кешіріп, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары