Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Нью-Йорк метро станцияларында исламофобияға қарсы өзгеше бір жанрда афишалар ілінді (ФОТО)
12 наурыз, 2016 жыл 12 Басып шығару нұсқасы
Негин Фарсад пен Деан Убейдуллаһ есімді мұсылман продюсер және комедиялық актерлердің әзіл-сықақ жанрында исламофобияға қарсы дайындаған афишалар Нью-Йорк қаласының метроларында ілінді.

“Beware: The Muslims Are Coming – Сақтан! Мұсылмандар келе жатыр!» атты комедиялық фильмнің продюсерлері Фарсад пен Убайдуллаһтың мұсылмандарға қатысты қалыптасқан қате түсініктерді жою үшін дайындаған афишаларын Нью-Йорк метроларына ілуге ақыры рұқсат берілді.

Мұсылмандарға қатысты танымдық ақпарат беретін афишалар 20 мың долларлық бір жоба болып, Нью-Йорктың 144 метро станциясына ілінді.

Сықақ тілінде дайындалған афишаларда «Бұл террористердің барлығы жынды», «Мұсылмандарға қатысты ақиқат. Аурухана тұжырымдамасын мұсылмандар ойлап тапты. Justin Timberlake-ті мұсылмандар тапты», «Кофе, тіс шөткесі және алгебра мұсылмандардан шыққан» деген секілді сөздер жазылған.

исламофоб0

исламофоб исламофоб1

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары