Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мектеп оқушыларына орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін
14 наурыз, 2016 жыл 6 Басып шығару нұсқасы
79699870-5266-435F-9FF9-128210C4C878_mw1024_s_nШымкенттік мектеп оқушылары үшін орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы ТВК арнасы хабарлайды.


Келесі жылдан бастап мектеп шәкірттері кеудесінде «Шымкент мектебі» деген бірыңғай жазуы бар костюм киеді. Білім және ғылым министрлігінің жақында ғана бекіткен талаптарына сай, мектеп формасы 3 түстен аспауы керек.

Қалалық білім бөлімінің мамандары бірыңғай енген жаңалыққа діни көзқарастағы форманың қатысы жоқ деп түсіндірді. Демек, сабаққа орамал тағып келетін оқушылардың еркі өзінде. Тек келте балақ шалбар киюге болмайды.

Ал, мектеп формасының бағасы 10-12 мың теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының бірыңғай мектеп формасын бекіткен болатын. Аталған ережеге сәйкес, оқушылардың хиджап киюіне рұқсат етілмейді.

Islam.kz



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары