Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Алғыс білдіру үшін пингвинге 8000 шақырым түк емес (ВИДЕО)
15 наурыз, 2016 жыл 17 Басып шығару нұсқасы
penguin-swims-5-000-miles-every-year-to-meet-man-who-saved-his-life-1457624981-9465Бұл таңқаларлық оқиғаны Бразилияның TVGlobo телеарнасы жария етті. 71 жастағы бразилиялық қарт пен пингвиннің достығы бес жылдан бері жалғасып келеді. Өзін аман алып қалған құтқарушысымен кездесу үшін пингвин жыл сайын Аргентинадан Рио-де-Жанейроның қасындағы шағын аралға жүзіп келеді екен.

 

Бұрын тас қалаушы болып жұмыс істеген зейнеткер  Жоау Перейра де Соуза магелландық пингвинді Оңтүстік Америкадан майлы ерітіндіге батып, өлім аузында жатқан жерінен тауып алған көрінеді. Зейнеткер оны шығарып алып, жуындырып, күтіп-бағып, оңалғанда еркіне қоя береді. Бірақ қарияның бұл жақсылығын ұмытпаған пингвин содан бері оған жылына бір рет келіп тұрады екен. Видеода пингвин мен зейнеткердің кездесу сәті түсірілген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары