Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Баланы сүннеттеуге тыйым салмақшы
16 наурыз, 2016 жыл 27 Басып шығару нұсқасы
сундет 1(1)

Мұсылмандар мен яһудилер Германиядағы «Германия үшін балама» партиясының (AfD) «сүннеттеу рәсіміне» тыйым салу жоспарларына наразылық білдірді. Германия мұсылмандары орталығы Кеңесінің төрағасы Айман Мазиак AfD-ның бұл ниетін «өте қауіпті және араны бұзушы» деп бағалады. Айман Мазиак «сүннеттелу» діни бір рәсім, мұсылмандар мен яһудилердің мыңдаған жылдар бойы жасап келген «сүннеті» екенін баса назар аудара айтты.

Германиядағы «Билд» және басқа да баспасөздерде жарияланғандай мұсылман мен яһуди балаларының сүннеттелуіне тыйым салу AfD партиясының жаңа бағдарлама жобасында жазылған. Олардың айтуынша, ер балаларды сүннеттеу конституция мен құқықтық кодекске қайшы. Партияның бұдан кейін азан мен мұнараларға да тыйым салатын да пиғылы бары белгілі болды. Партияның бұл бағдарлама жобасы сәуір айының соңында құрылтайда бекітілетін болады. Бұл жайында партия төрағасы Фраук Петри мәлімдеді.

Германияда сүннеттеуге тыйым салу мәселесі бұдан бұрын 2012 мамыр айында, Келн қаласының сотында қаралған еді. Онда сүннеттеуді «баланы жарақаттау» деген айыптаған еді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары