Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жәбірейіл Еуропадағы исламофобиямен күреспек
17 наурыз, 2016 жыл 108 Басып шығару нұсқасы
0123

Кезінде Ресей империясының тепкісінен қашып, Швецияны паналаған «мажарстандық» Кароли мен швед Сусаннаның баласы Жәбірейіл Фодор 1989 жылы Стоккольмде дүниеге келген. Ол өзінің «мороккалық» мұсылман досының себебімен Исламмен танысып, Стоккольмдегі мешітте 15 жасында шәһәдәт кәлимасына тіл келтіріп, мұсылмандықты қабылдаған. Ал есімін «Жәбірейіл» деп өзгерткен.

Оның мұсылман болғанын естіген ата-анасы кейбір әке-шеше секілді наразылық танытпай, тек қатты таңғалған. Бірақ, Жәбірейіл өзінің бұл таңдауын достарына жеткізе алмағанын айтады. Себебі, Жәбірейіл Фодордың айтуынша, шведтер Исламды керітартпа, арабтардың діні ретінде ғана көреді. «Швецияда исламофобия өте қатты өршіген», – дейді ол. Сондықтан да, ол келешек өзінің мақсаты осы исламофобиямен күресу екенін айтады. «Еуропадағы Ислам жайында теріс пікірлерді бұзып, исламофобияны жоқ қылғым келеді. Мұсылмандар құлшылықтарын емін-еркін қылып, рахат өмір сүрулері үшін Түркиядағы саясатшылардан жәрдем күтемін», – дейді ол.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары