Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Имам мешітке бала тартудың тың жолын ойлап тапты (ФОТО)
19 наурыз, 2016 жыл 11 Басып шығару нұсқасы
 

 

Түркия астанасы Анкараның Чубук елдімекеніндегі орталық мешітінің бас имамы мешітке бала тартудың тың жолын ойлап тапты. Ол мешіт ішіне ұзындығы 4 метр, салмағы 300 кило, ішінде 100-ге тарта балығы бар екі аквариум орнатқан. Бастауыш мектептен лицей оқушыларына дейін мешітке балық көруге ағылып жатқан жастарды көріп қуанып жүрген имам балаларға намаз оқығаннан кейін балықтарға жем шашамыз деп ғибадатқа да тартуда.

«Мешіттеріміздің гүлі болған балаларды, жастарды мешітке қалай тартсақ екен, мешітке келуді қалай әдетке айналдырсақ екен» деп үнемі ойланып жүретінмін. Соңында осындай шешімге келдік. Үлкендерге де бұл ойымыз ұнады, балалар да қуана қарсы алды. Қазір балалар аталарымен бірге мешітке келіп, балықтарды тамашалап кетеді. Осыдан-ақ бұл ісіміздің қаншалықты нәтижелі болғанын түсіндік. Мешітіміздің жамағаты да артуда. Балықты тамашалау әрі адамға да жан тыныштығын сыйлап, бір демалтады», – дейді мешіт имамы Локман Өзтүрк.

Бұл аквариумдардың ақысын жартылай имамның өзі, жартылай халық көтерген.

балык балык1 балык2

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары