Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

480 христиан исламды қабылдады
29 наурыз, 2016 жыл 24 Басып шығару нұсқасы
Орталық Африканың батысында орналасқан Руанда мемлекетінде таңғажайып оқиға орын алды. Христиан пірәдары Исламға бет бұруға шешім қабылдап, шіркеуге келушілер де дін басшыларының артынан Хақ дінге келді.

Бұрынғы шіркеу басшысы Салим Микдад біраз уақыт алдында ислам ғалымдарымен дидарласқан екен, дін ғалымдары бір Алладан басқа Жаратушының жоқтығын, ақиқат дін – ислам екенін жеткізе білген деп хабарлайды  Africa Metro. Кейін шіркеу қызметкері соқыр сенімде жүргенін түйсініп, мұсылман атанды.

Өзі мұсылман болғаннан кейін, Микдад шіркеуге келушілерге болған жағдайды баяндап, ақиқатты жеткізуге тырысты. Алланың құдіреттілігімен ол шіркеуге келген барлық 480 христианның жүрегіне жеткізе біліп, баршасы бірауыздан исламды қабылдап, тілдерін кәлимаға келтірді.

Африканың БАҚ беттерінде исламға енді келгендердің алғаш намаз оқыған суреттері жарияланды.

Айта кету керек руандилықтардың басым көпшілігі католик, протестант және адвентист дінін ұстанушылар. Халықтың 4,6 % ғана мұсылман.

id344_foto

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары