Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Радиоактивті материалдар салынған шабадан қолды болды
30 наурыз, 2016 жыл 18 Басып шығару нұсқасы
pic_0a0b0a8167c06e5e17a4825fef5ade7eИспанияның Ядролық қауіпсіздік кеңесі топырақ тығыздығы мен ылғалдылығын өлшеуге арналған радиоактивті құрал-жабдық салынған шабаданның жоғалғанын хабарлады. Өлшемі 80х50х50 болатын қызғылт түсті шабаданды Севилья қаласының көшелерінің біріне қойылған автокөліктен қолды еткен.

La Vanguardia басылымының хабарлауынша қолды болған құрал-жабдықтар бес балдық шкала бойынша төртінші деңгейдегі радиоактивті заттарды қамтиды. Бұл материалдардың капсулаларда екенін және адамдарға қауіп төндірмейтінін білдіреді. Егер қабығы зақымдалса радиоактивті заттардың жылыстауына әкеледі.

Шабадандағы радиоактивті заттардың сәулелену деңгейі төмен - цезий 1-137 және америций-241/бериллий. Құрал-жабдық Малага қаласының құрылыс жұмыстарын бақылау және материалдарды зерттеу орталығына (CEMOSA) тиесілі. Ядролық қауіпсіздік кеңесі азаматтарға шабаданды іздеуде көмек сұрады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары