Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мұсылман балалар өзгелерден үздік болып шықты
04 сәуір, 2016 жыл 184 Басып шығару нұсқасы
04_idlamskiy_detskiy_lagerҮндістанда жалпы білім беру мектептеріндегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға және әртүрлі ұлт өкілдерінің балаларының оқу үлгеріміне қатысты жүргізілген зерттеу қорытындысы шықты. Зерттеу қорытындысы бойынша көптеген штаттар мектебінде оқу жағдайының елдегі орташа деңгейден төмен болғанына қарамастан мұсылман балалары басқа балалармен салыстырғанда анағұрлым жақсы оқитыны дәлелденген.

Есепте Ассам штаты мысал ретінде келтірілген. Мұнда электр, ауыз су, дәретхана мен басқа да базалық цивилизация қажеттіліктері елдегі орташа деңгейден төмен болып шыққан. Мектептердегі жағдайдың төмендігіне қарамастан Ассамдағы мұсылман балалардың басқа сенімді ұстанатын балаларға қарағанда оқу үлгерімі жоғары болған. Бихар, Гуджарат, Джаркханд, Керала және т.б. штаттардағы жағдай да осындай. Көптеген штаттарда мұсылман балалардың сабаққа қатыспауы, кешігуі сирек, сондай-ақ оқуда зерек әрі мектептен тыс іс-шараларды белсендірек.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары