Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шет тілін үйрену мидың қартаюын тежейді
05 сәуір, 2016 жыл 75 Басып шығару нұсқасы
t9PZPj6Ysraz0cP9-lgБұл әрекет көмегімен ойлауды дамыта аласыз. Ғалымдардың айтуынша, балалар мен ересектер өзге тілді үйрену барысында әрбір тілдің сөздік қоры мен грамматикалық ережелерін өңдеу үшін ақыл-ойын іске қосады.  Бұл олардың тілге деген қабілетін арттырып, өзгелердің көзқарасын жақсырақ түсінуге көмектесіп, алуан түрлі қиын мәселені ақыл-ой икемділігінің арқасында шешуге жол ашады.  Сөйлеудің екінші құралы ретінде шет тілін үйренген ересектердің ақыл-ой қабілеттері жақсарады. Бұл адамдар тек бір тілді ғана білетіндерге қарағанда, тек 4-5 жылдан кейін қартаяды.
                                                 

                                                     Шет тілін меңгерем дегендерге

                                                                           10 кеңес

 

Тіл үйренудің, өзіміз ойлап тауып алған қиындықтардан басқа еш қиындығы жоқ. Като Ломб - ең алғашқы синхронды аудармашылардың бірі, ол 16 тіл білген. Төменде Като Ломбтың шет тілін үйренгісі келетіндерге қысқа әрі нұсқа кеңестерін келтірдік. 

1. Жаңа тіл үйрену үшін ол тілмен күнде айналысу керек. Әсіресе, таңертеңгі уақытта пайдалырақ болады. Уақыт жетпей жатса, тіпті, 10-15 минут бөліп, шағын материалдарды оқу керек немесе өткен сөздерді қайталау керек.

2. Тіл үйренуге деген құлшыныс тез бәсеңсіп қала беретін болса, өз-өзіңізді жалықтырмайтын бір тәсіл ойлап табыңыз. Мысалы, үйреніп жатқан тіліңізде музыка тыңдаңыз, фильм қараңыз, кішкене демалып серуендеп қайтыңыз, содан кейін ары жалғастырыңыз. Бірақ, ешқашан тастап кетпеңіз.

3. Сөздерді бір-бірлеп жаттамаңыз. Мәтіндеп, яғни, тұтас сөйлемді жаттауға тырысыңыз. Мысалы, «strong wind», бір сөзді есіңізге түсіргенде екінші сөз өзі автоматты түрде ойыңызға келеді.

4. Сөйлемдерді жазып жүрудің және оларды көп қолдануға тырысудың пайдасы зор.

5. Көрген нәрсеңіздің барлығын іштей аударып жүріңіз. Мысалы көшедегі жарнамалардың мәтіндерін, өлеңдердің сөздерін, газет мақалаларының тақырыптарын, т.б. Бұл миды жаттықтырады, жатталған сөздер қолданыс таба бастайды.

6. Кішкентай мәтіндерді, диалогтарды жаттап алу пайдалы. Бірақ, жаттаған мәтіннің дұрыс, яғни, қатесіз жазылғанына көз жеткізіңіз.

7. Қолданыстағы фразеологиялар мен сөз тіркестерін де міндетті түрде жазып алып, жаттап алу керек.

8. Шет тілін оқшауда үйрену өте қиын. Тіл үйрену үшін барлық тәсілдерді қолдану керек. Үйреніп жатқан тіліңізде фильм көріңіз, кітап оқыңыз, сол тілдегі басылымдарды, интернет ресурстарды оқып тұрыңыз немесе сол тілде сөйлейтін адамдармен тілдесіңіз.

9. Қателіктен қорықпаңыз, түзетілмеген қателіктен қорқыңыз. Ешнәрсені тексерусіз қалдырмаңыз, үйренген нәрсеңіздің дұрыс екендігіне жақсылап көз жеткізіңіз.

10. Сіз бұл тілді үйреніп алатыныңызға кәміл сеніңіз. Сонда сан сапаға ауысып, үйреніп жатқан тіліңізде белгілі бір дәрежеге жетесіз.

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары