Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қазақстан халал-туризм бойынша рейтингте 16-орын алды
06 сәуір, 2016 жыл 53 Басып шығару нұсқасы
Nur-Astana_Mosque_1Қазақстан 2016 жылы мұсылман саяхатшылар үшін көз тартатын және ыңғайлы елдердің рейтингінде 16-орын алды, - деп хабарлайды "Тengrinews.kz" тілшісі "CrescentRating" зерттеу орталығына сілтеме жасап.

Зерттеу агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Иран мен Мысырдың ортасында орналасты. Бұл ТМД елдері ішінде үздік көрсеткіш, ал тағы бір ыңғайлы ел саналатын Әзірбайжан рейтингте 23-орынды місе тұтты. Рейтингте 130 ел бар. Бірінші орынды Малайзия сақтап қалды, ал Біріккен Араб Әмірліктері екінші орынға көтеріліп, өткен жылғы көрсеткішін жақсартты. Үштікті Түркия қорытындылады.

Үздік он елдің қатарына Индонезия, Катар, Сауд Арабиясы, Оман, Сингапур, Марокко және Иордания кірді. Әдеттегідей бірінші ондыққа Ислам ынтымақтастығы ұйымына кіретін елдер кірді.

Рейтингте қатысушы елдерде мұсылмандардың отбасымен демалуға қолайлылық жағдайы есепке алынды. Сонымен қатар, қызмет сапасы мен сервис мүмкіндіктері, оның ішінде халал өнімге деген қолжетімділік есептелді. Талаптардың ішінде туристерді орналастыру жағдайлары мен маркетинг бағдарламалары да бар. Ал осы жылы мамандар әуе хабарламалары мен виза шектеулерін де есепке алыпты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары