Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Сириялық босқындарға дар ағашы құрылды
06 сәуір, 2016 жыл 44 Басып шығару нұсқасы
suriyelilerin-yasadigi-evin-girisine-idam-sehpasi-konuld

Болгария астанасы Софияның «сириялық» босқындар өмір сүріп жатқан Христо Ботев көшесінің кіреберісіне дар ағаштары құрылды. Мұны сол аймақтың ұлтшылдары босқындарға деген наразылықтарының көрінісі ретінде орнатқан. Әрі «Босқындарға құшақ жайған ешкім жоқ» деген мағынада транспаранттар іліп кеткен.

Сол көшеде өмір сүріп жатқан, есімін атамауды сұраған бір тұрғын: «Осы жердің жергілікті тұрғындары осы секілді іс-шаралар ұйымдастырып, адамдарды арандатуға тырысады. Өздеріңіз көргендей мұның алдын алып жатқан адамдар да жоқ», – деді.

Болгариядағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар да бұған әлі тіл қатып, түсініктеме бермей отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары