Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қазақ жігіті әлемнің ең ақылды адамдарының тізіміне кірді
07 сәуір, 2016 жыл 70 Басып шығару нұсқасы
photo_25225Қазақстандық Димаш Әділет интеллекті коэффициенті жоғары адамдарды біріктіретін Mensa халықаралық ұйымының мүшесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шамамен бір ай бұрын мен бірінші рет стандартталған IQ-тест тапсырып көргім келді. Таяуда оның қорытындысын алдым, қуанышыма орай, 99 процентили көрсеткішін алғаным үшін мені Мensa International ұйымына кіруге шақырды", - деп жазды Димаш Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұйымда Қазақстанның басқа өкілі жоқ. "Мен ел имиджін осы ұйымда қолдағаныма қуаныштымын, адамзат интеллектінің дамуына да қолдау әрі үлес қосқым келеді", - деп жазды Димаш.

Mensa International - интеллекті коэффициенті жоғары адамдарды біріктіретін халықаралық ұйым. Ол 1946 жылы ашылған. Стандартталған IQ тестілеуінен 98 пайызынан асырып жинаған кез келген адам ұйымға мүше бола алады.


tengrinews.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары