Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мына балшық аяқ киімдер министрдің өзіне телефон соққызды
07 сәуір, 2016 жыл 66 Басып шығару нұсқасы
аяқ киім

Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары Шерифе Жесур апаның мына бір әрекетін жастарға үлгі болсын деп жарыса жазуда.

Түркияның Кырыккале аймағы, Сулакйурт ауданында іші ауырып мазалап, аураханаға қаралуға барған 84 жастағы Шерифе Жесур есімді апа тап-таза боп жарқырап жатқан аурухананың ішін балшық аяғымен басуға ұялып, аяқ киімін есіктің алдына шешіп, жалаңаяқ кіреді. Оның бұл әрекеті көпшіліктің сезімін тербейді. «Жалаңаяқ кіріп келе жатқанымды көрген доктор аяқкиіміммен кіруін сұрады. Бірақ балшық аяқкиіммен жарқырап жатқан жерді басуға бола ма екен? Ұят емес пе? Есін білген балшық аяқпен тап-таза жерге кірмес. Аурухана кір болмасын, тазалықшылардың еңбегіне құрметпен қарайын»  дедім. Дедім де, бәрібір жалаңаяқ кірдім. Дәрігерлер де күлімдеп «бұл апамыз көпті көрген жан» деді», – деп арнайы іздеп барып сұхбат алған журналистерді де Шерифе апа бір тебірентті.

Оның бұл әрекетін білген Денсаулық сақтау министрі Мехмет Муеззиноғлының өзі апаның телефонына қоңырау шалып, оның үлгі боларлық бұл әрекетіне алғысы мен рахметін айтты. Телефон арқылы сөйлескен министр Шерифе апаға: «Шерифе анашым, қолдарыңыздан сүйемін. Менің анам да 83-84 жасында. Анаммен жастасыз. Біз саған зор алғысымызды білдіреміз. Бүгін бүтін Түркияға керемет бір үлгі көрсетіп, жастарға жақсы сабақ болдыңыз. Осы үшін сізге рахметімді айтамын. Біз үшін дұға етіңіз. Менен не қалайсыз? Айтыңыз! Біз сізден тек дұға етуіңізді қалаймыз. Раббым сізге денсаулық, бақытты ғұмыр берсін. Алла дертіңізге шипа берсін! Дәрігерлеріміз жақсы қарады ма сізге? Алла сізге ұзақ ғұмыр берсін!», – деп тілегін жеткізді.

Осылайша балшық аяқ киімнің себебінен, апамызға министрдің өзі телефон шалды.

аяқ киім1

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары