Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ережеп айының құрметіне ауыз ашар берілді
11 сәуір, 2016 жыл 77 Басып шығару нұсқасы
Ислам күнтізбесінде қасиетті саналатын төрт айлардың бірі – Ережеп айы келіп, мұсылман қауымын бір қуантты. Айлардың сұлтаны болған Рамазанның жақындап қалғанынан хабар беретін бұл айдың да, шапағаты мен сауабы мол. Дәл осы айда оразаға дайындық ретінде мүмін мұсылман ауыз бекітіп, қасиетті Рамазанға аман-есен жетуге дұға тілейді. Ережеп айының алғашқы күндерінде Қарағанды облыстық орталық мешіті де жамағатқа дастархан жайып, ауыз ашар берді. «Жастар ісі» бөлімінің өкілі Мұсабеков Нұржігіттің ұйымдастыруымен өткен кеште, Ережеп айы мен қасиетті түндер жайлы танымы мол уағыз айтылды.

Нұржігіт Оразалыұлының айтуынша мұндай басқосулар діни ой- көкжиегіңді кеңітумен қатар, халық арасындағы ауызбіршілікті нығайта түседі.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


IMG_4966


IMG_4962


 IMG_4964

 

IMG_4947

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары