Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Арабша сөйлескені үшін ұшақтан түсіріп кетті
20 сәуір, 2016 жыл 96 Басып шығару нұсқасы

Southwest әуе компаниясы АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында телефонмен арабша сөйлескен бір оқушыны ұшақтан түсіріп кеткен. Беркелей Университетінде оқитын 25 жастағы «ирақтық» мигрант Хайруддин Махзуми есімді университет оқушысы БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун қатысқан бір жиыннан шығып, Лос-Анжелестен Окланд штатына ұшпақ болған. Ұшқалы тұрған ұшақ ішінде ол жиынның қалай өткені жайында, Пан Ги Мунның жасаған баяндамасы туралы телефон шалған ағасына арапша әңгімелеп тұрғанында басқа бір жолаушы мұның үстінен шағым түсірген. Осылайша ұшақ қызметкерлері Хайруддинді ұшақтан түсіріп кеткен. Федералды барлау қызметі (FBI) тарапынан тергеуге алынған оқушыдан ешқандай күдікті дүние байқалмай, өз жайына жіберілген. Оқушы басқа ұшаққа қайта билет алуға мәжбүр болған.

Алайда Хайруддин өзін ұшақтан түсіріп кеткен әуе компаниясының үстінен сотқа шағымданбаған. «Отбасыммен бірге қаншама қиындықтар көрдік. Бұл оқиға да соған ұқсас бір жағдай болды. Бұл дүниеде ең бағалы дүние ақша емес, адамның ар-намысы. Мен әуе компаниясынан тек кешірім сұрауларын күтемін. Бәлкім адамдарға тең қарауды үйренер…», – деді ол.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары