Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Режеп Тайып Ердоған: Олар сол жердегі мұнай үшін ғана күреседі (ФОТО)
14 сәуір, 2016 жыл 59 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Түркияның Ыстамбұл қаласында Ислам ынтымақтастық ұйымының 13-ші саммиті жалғасын табуда. 56 мемлекеттен келген өкілдердің алдында сөз алған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мұсылман елдерінің арасында бірлік орнатуға шақырды.

«Мұсылмандардың алдындағы күн тәртібінде тұрған басты мәселенің бір ағымдарға бөлінушілік, нәсілшілдік бүлігі. Ылғи айтып жүргенімдей, менің дінім сүннит те емес, шиит те емес, мен діні – Ислам! Мен – 1 миллиард 700 миллион бауырым бар тек қана бір мұсылманмын. Бұдан өзгесінің бәрі бұл сенімім мен сипатыма қайшы», – деді Түркия Президенті.

Ислам діні тек қана бейбітшілік діні екенін, террористердің бұл дінге қатысы жоғын тағы да баса назар аудара сөйлеген ол: «Бейкүнә адамдарға шабуылдаған, олардың қанын нақақ төккен, мал-мүліктерін тонаған террор ұйымдары еш уақытта қасиетті діннің өкілі бола алмайды. Өйткені, біздің дініміз бейбітшілік діні, сенім діні», – деді.

Соғыстардың кесірінен тек қана мұсылмандар мен Ислам діні ғана зардап шегіп жатқанын айтқан ол: «Біз мұсылмандар ретінде, Ислам мемлекеттері ретінде қаншалықты бір-бірімізбен алауыз болсақ, бізден үміт күткен жапа шеккен үмбет соншалықты сорлайтын болады. Бұл қасіреттер көтере алмастай ауыр болады. Сол үшін біз бөлуші емес, біріктіруші болуымыз керек. Алауыздықты емес, ауызбіршілікті, кекшілдікті емес, сүйіспеншілікті күшейтуіміз керек. Өйткені, бұл қақтығыстардан, соғыстардан, қастықтардан тек мұсылмандар ғана, Ислам мемлекеттері ғана зардап шегуде», – деді.

Террористік ұйымдардың мұсылман елдері арасында үлкен проблемаға айналғанын еске салған Режеп Тайып Ердоған: «Өткен күндерде әл-Қаиданың кесірінен Ауғанстанды қалайша құрдымға жібергенін, қалайша жүз мыңдаған мұсылмандардың қаны төгілгенін, миллиондаған жазықсыздар жапа шеккенін жақсы білеміз. Бүгіндері Ирақта және Сирияда белгілі бір аймақтарды қоластына алған, Ливияда да әрекеттерін арттыра түскен ИСИМ дәл осындай лас мақсатта қызмет етуде. Африканың түрлі аймақтарында да түрлі террористік шабуылдар ұйымдастырып жүрген Боко Харам мен әш-Шабаб террористік ұйымдарын да осы тектес екендерін білеміз. Бұлардың бір-екі шоу ретінде ұйымдастырған әрекеттерінен басқа зұлымдықтары мен зарарларының бәрі тек мұсылмандарға тиюде», – деді.

Сондықтан да, Ердоған бұл проблемалармен тек қана мұсылман елдері ғана күресе алатынын жеткізді. «Біз – мұсылмандар, не үшін өзарамыздағы алауыздықтар мен террористік әрекеттерге қарсы басқалардан көмек күтеміз? Біз бұл проблемаларды өзіміз шешуіміз керек. Бұлармен өзіміз күресуіміз керек. Ал біз күреспейміз, біз үшін басқалар күресуде. Олар сол жердегі мұнай үшін ғана күреседі. Арамызда тыныштық орнату үшін емес!», – деді Ердоған.

Яролық қауіпсіздік жиынында баяндама жасағандардың Париждағы және Брюкселдегі террористік оқиғаларды тілге тиек етіп, Анакара, Ыстамбұл, Лахордағы жарылыстарды елемегеніне күйінген Ердоған батысқа қарата: «Анкара, Ыстамбұл, Лахордағы жарылыстарда жүздеген адам өлді. Ал Брюксел мен Парижде болса, біреуінде 9-10, енді біреуінде 30 адам өлді. Біз үшін бір адам өлсе де, барлық адамзаттың өлімімен тең. Ал сіздер неге оларды айтып, Анкара, Ыстамбұл, Лахорды неге тілге тиек етпейсіздер? Бұл жердегі нәсілшілдік біздердің көңілімізге тиді. Террористік ұйымдардың бәріне бірдей тең дәрежеде қарсы күрес жүруі тиіс», – деді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары