Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Түркия профессоры рактың емін арадан тапты
18 сәуір, 2016 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

Түркияның Ержиес Университеті, медицина факультетінің профессоры, доктор Али Үнал әр адамның денесінде үнемі рак жасушалары пайда болып отыратынын айтады. Алайда иммунитет жүйесі күшті адамдар денедегі бұл жасушаларды өлтіріп отырады. Ал иммунитет жүйесі әлсіз адамдар бұл жасушалармен күресе алмағандықтан, көбіне рак ауруына шалдығып жатады. Иммунитет жүйесінің бұзылуы, әлсіреуі, баяулауы, реакция таныта алмайтындай жағдайға келуі секілді себептерден қоғамда рак ауруына шалдығу қаупі жоғарылай береді. Иммунитеттегі мұндай құбылыстар көбіне жас ұлғайған сайын байқала бастайды.

«Жастарда да рак ауруына шалдығу қаупі бар. Адам кез-келген жаста рак ауруына шалдыға алады. Тек жас ұлғайған кезде бұл қауіп арта түспек. Рактан қорғану және бұл ауруды жеңу үшін ең маңызды мәселе ағзаның иммунитет жүйесін күшейту. Араның уынан бастап, прополисі, сүті, секілді ара өнімдері ағзаның иммунитеттік жүйесін күшейтетін ең табиғи және ең қуатты заттар. Ал ракқа қарсы қолданылып жүрген емдер, дәрілер, химиятерапия, радиотерапиялар ағзаның иммунитеттік жүйесін қатты әлсіретеді. Ағзаның ауруға қарсы күрес күшін арттыру үшін, жасушалардың рак жасушаларына қарсы күресе алуы үшін ағза қорғаныс жүйесін күшейтетін заттарға мұқтаж. Ара уы болса, бұлардың ішіндегі ең маңыздылардың қатарынан орын алады. Иммунитеттік жүйе күшейгенде әрі рак ауруын жеңеді әрі рактың қайта шығып жайылуының алдын алады», – дейді профессор.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары