Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Халал» медициналық қызмет енгізілмек
18 сәуір, 2016 жыл 145 Басып шығару нұсқасы

Ресей Ислам институтында Ислам шарттарына сәйкес медициналық қызмет көрсету жөніндегі жоба талаптары талқыланды. Іс-шараны Татарстан Республикасы мұсылмандарының Діни басқармасының «Халал» стандарттар жөніндегі комитеті ұйымдастырған.

Іс-шараға қатысқан РИИ ректоры Рафик Мухаметшин: «Ислам нормаларына сай келетін медициналық қызмет көрсету мұсылмандар үшін өте маңызды. Мұндай шешім жалпы қоғам үшін де қажет. Сәйкесінше аталған қызметке сұраныс жоғары болады. Ал ОртаАзиядан келетін еңбек мигранттарын ескерсек бұл сұраныс өсе түспек» — деді.

«Халал» стандарттар жөніндегі комитеттің төрағасы Марат Низамов көрсетілетін халал қызметтер,  емделушілердің тамақтануы, құлшылық қылатын орынның болуы, қызмет көрсететін қызметкерлерге қойылатын талаптар және т.б. жан-жақты түсіндіре талқылады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары