Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Саудия Ұмраға келушілер санын 30 миллионға жеткізбек
30 сәуір, 2016 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

 

Сауд Арабиясы 2030 жылы Ұмраға келетін қажылардың санын 30 миллионға дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл мақсат осы елдің 2030 жылға дейінгі Саудияның мұнайға тәуелділігін азайту үшін дайындалған әлеуметтік-экономикалық жаңару бағдарламасында қарастырылған.

Соңғы жылы Ұмраға келушілердің саны үш есеге артып, 8 миллионға жеткен. Ал 2020 жылы бұл көрсеткішті 15 миллионға жеткізу үшін виза алу ісін жеңілдету, қонақүй мен ауруханаға адам қабылдау үшін орын санын арттыру, қоғамдық көлік жүйесін кеңейту секілді шараларын атқару жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау, туризм, байланыс секілді салаларды қайта жаңғырту, сондай-ақ Ислам мәдениет мұражайын құру секілді мәдени-әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы Ұмраға келушілердің санын тағы да 30 миллионға жеткізу көзделіп отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары