Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Исламның алғашқы ғасырларындағы Құрандар көрмеге шықты
02 мамыр, 2016 жыл 633 Басып шығару нұсқасы

Сирия астанасы Шамдағы Әмәуи мешітінде 1917 жылы шыққан өртте жанып, жойылып кетуден құтқарылған Құран Кәрімнің алғашқы кезеңдерге тиесілі Куфи жазуы түріндегі нұсқалары «Мұғжиза кітаптың ғажайып жазуы: Куфи» деген тақырыпта Ыстамбұл қаласында Түрік және Ислам жәдігерлері мұражайына көрсетілімге шығарылды.

Түрік және Ислам жәдігерлері мұражайының директоры Сәражәддин Шахин мұражайда Құранның барлығы 94 нұсқасы ел назарына ұсынылғанын айтты. «Көрмеде Құранның алғашқы нұсқаларынан бастап халифалар кезеңіне, Аббаси, Мәмлүк, Селжұқ, Османлы кезеңдеріне тиесілі бай бір мұрағат бар», – дейді Сәражәддин Шахин. Көрмедегі адам назарын тартатын жәдігерлердің бірі – Шамдағы Әмәуи мешітінде үлкен өрттен құтқарылған 8-9 ғасырларға тиесілі бума күйінде сақталған Құран Кәрімдер. Бұл Құрандар пергамент және қағазға жазылған. Ал мұқабалары тері қапталған ағаштан. Ол кездерде бұл Құрандар Түрік және Ислам жәдігерлері мұражайын құрушы топтың мүшесі болған Исмет Бейдің жетекшілік етуімен Шамнан пойыз арқылы Ыстамбұлға әкелінген. Сириядан әкелінген баға жетпес бұл жәдігерлер «Шам құжаттары коллекциясы» деп танылған.

Куфа жазуы

Куфи (Куфалық) жазу араб жазуының тік және белгілі бұрыш жасай отыра жазылатын жазу түрі. Исламның алғашқы ғасырларында «Химиари» жазуының өзгеруімен пайда болған тік, айқын, бұрышты жазу ретінде танылған. Арабша құсни-хат өнерінде кең жайылған жазу ретінде де білінген. Куфи жазуы атауын Куфа қаласынан алады. Себебі, бұл жазу түрі 8 ғасырдың соңдарына қарай Ирақтың Куфа қаласының салынғанынан кейін пайда болды.

«Мұғжиза кітаптың ғажайып жазуы: Куфи» көрмесі мамыр айының 30-ына дейін жалғасады.

Анадолы агенттігі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары