Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Италия соты шариғат жолына жүгінді
05 мамыр, 2016 жыл 227 Басып шығару нұсқасы

Италия соты ашығуы себепті тамақ ұрлағаны үшін жауапкершілікке тартатын санкцияны алып тастады. Мұндай шешімді Италияның Кассациялық соты 2011 жылы екі тілім сыр мен €4 тұратын шұжық ұрлап, алты айға абақтыға жабылып, €100 айыппұл төлеген жұмыссыз Роман Остряковтың ісін қарағанннан кейін қабылдаған. Остряков ашығуы себепті ұрлыққа барған. Сот сондықтан оның ісі қылмыс болып табылмайтыны жөнінде қаулы шығарды.

Қатты ашығуы себепті ұрлық жасағаны үшін қылмыскер деп есептемеу оқиғасы алғаш халиф Омардың кезінде орын алған. Исламда әлдекімнің мүлкін заңсыз иелену, ұрлау, ауыр қылмыс болып табылады. Осыған қарамастан тақуа билеуші әрі Пайғамбарымызға (ﷺ) жақын болған сахабалардың бірі Омар Ибн әл-Хаттаб  белгілі бір жағдайларда мұндай шарттарды жеңілдеткен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары