Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Миғраж түні дүниеге келген бала тіспен туылды
05 мамыр, 2016 жыл 2895 Басып шығару нұсқасы

Миғраж түні Түркияның Невшеһир қаласында «Миғраж» есімді сәби дүниеге келді. Дүниеге өзі ғана келмей, екі тісі қатар келген. Назифе Кыйга есімді келіншекті босандырып алған акушерлер баланың аузында екі тісі барын байқаған. Мұндайды алғаш көріп, таңғалған дәрігерлер баланы бастан-аяқ тексеруден өткізеді, Аллаға шүкір, әйтеуір баланың дені сау.

Сәби Миғраж салмағы – 2 келі, 600 грамм, бойы 48 сантиметр болып дүниеге келген. «Баланың тіспен тууы өте сирек кездесетін жағдай. Бұл тістер баланың сүт емуіне кедергі болатындықтан тіс дәрігерімен кеңесе отырып, жұлынуы қажет. Әйтпесе, солқылтап бос тұрған тістер баланың кеңірдегіне кетіп қалып, өліміне себеп болуы мүмкін», – дейді Невшеһир ауруханасының балалар ауруы докторы Зейнеп Ибишоғлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары