Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Арабтар шөл ортасына тау тұрғызбақ
06 мамыр, 2016 жыл 252 Басып шығару нұсқасы

Біріккен Араб Әмірлігі тау тұрғызып, жауын шақырып, климатты өзгертуге ниетті.  Тау «құрылысы» шөлді жерге жауынды тартуға көмектеседі, деп хабарлады              hi-news.ru. БАӘ үкіметі Университеттік атмосфералық зерттеулер корпорациясы мен метеорология мен сейсмологияны зерттеу бойынша араб ұлттық орталығына жүгінді. Олар тау тұрғызу мүмкіндігін және бұл үшін қолайлы жерді қарастырады.  Қазір ғалымдар тауды салу мүмкін бе, жоқ па екенін, жауынды шақырту үшін таудың биіктігі қанша болу керектігін анықтап жатыр.

БАӘ-да тау құрылысы басталғанға дейін NCAR ғалымдары мен зерттеушілері аталған жобаның құнын есептеп, оны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруы қажет. Егер ел үкіметі бұл ауқымды жобаны ел бюджеті көтеретініне көз жеткізген соң ғана  инженерлер командасы оны жүзеге асыруға кіріседі. 

inform.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары