Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мұсылман жігіті зағип жандарға көретін «көз» жасап шығарды (видео)
13 мамыр, 2016 жыл 594 Басып шығару нұсқасы

«Microsoft» компаниясының бағдарламалық инженерлерінің бірі Сакиб Шайх 2016 жылдың соңында смартқұрылғыларға арналған ерекше қосымша (приложение) шығармақ. Смартқұрылғыларға арналған бұл қосымша зағип жандардың сыртқы ортада бағыт-бағдарын анықтауға көмектеседі. Айта кету керек, инженер Шайхтың өзі жеті жасында екі көзінен айырылып, «су қараңғы» болып қалған.

Оның қосымшасы смартқұрылғыларда арнайы көзілдірік арқылы қолданылады. «Seeing AI» деп аталатын қосымша объектілер мен адамдарды «көреді», кез-келген ақпарат пен дауысты хабарламаға айналдырады. «Seeing AI» қосымшасы адамның жынысын, жасын ажыратуға, тіпті әңгімелесушінің эмоционалды күйін аңғаруға қабілетті. Сондай-ақ мәтіндік құжаттарды суретке түсіріп, материалдың аудио нұсқасын жасап шығара алады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары